KDC Repair & Tool Shop LLP, жұмыскерлер мен материалдық құралдарды қамтитын өз ресурстарының кездейсоқ ысырапқа ұшырауының алдын алу саясатын ұстанады.
Басшылық, адамдар мен меншікті қорғау жөніндегі осы міндеттемелерді орындау мақсатында, нормалар мен заңнамалық талаптарға сәйкес қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын қамтамасыз етеді және қолдайды, сондай-ақ мүлікті бүлдіруге, жазатайым оқиғаларға немесе жарақаттануға/сырқаттануға себеп бола алатын кез келген болжалды қауіп-қатердің алдын алу үшін күш салады.

Біз, денсаулық пен қауіпсіздік үшін жауапкершіліктің жалпыға ортақ екенін мойындаймыз. Жұмыскерлердің барлығы біздің ғимараттарымыз бен жұмыс орындарымыздың шегінде жазатайым оқиғаларды барынша азайту үшін тең дәрежеде жауапты болып келеді. Қауіпсіздік техникасы мен жұмыстарды өткізудің ресімдері компанияның барлық жұмыскерлерімен сақталуы үшін Еңбекті және Денсаулықты қорғау жөніндегі нұсқаулықта айқын түрде белгіленген. Жұмыскерлердің белсенді түрде қатысуымен дұрыс менеджмент жүргізу арқылы жазатайым оқиғалардың бетін қайтаруға болады. Қауіпсіздік барлық басшылардың, супервайзерлердің, жұмыскерлердің, барлық мердігерлердің тікелей жауапкершілігі болып табылады.

Басшылықтың барлық қызметі компанияның қауіпсіздік техникасының талаптарымен бірге жүзеге асырылады, себебі ол жоспарлаумен, өндіріспен және қондырғылар мен жабдықтарға қызмет көрсетумен байланысты. Барлық жұмыскерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін жалпы мойындаған әдістерге және еңбек қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес орындайды.
Барлығыңыз да қауіпсіздікті өмір қағидасына айналдыру үшін өз үлесіңізді қосасыздар деп сенеміз!